Өмір қағидалары Сіз бен біз ұмытпауға тиіс өмірдің 30 қағидасы: 1. Ұнады ма – айт. 2. Ұнамады ма – айт. 3. Біреуді сағындың ба – қоңырау шал. 4. Түсінбедің бе – сұра. 5. Кездескің келе ме – шақыр. 6. Бір нәрсе қалайсың ба – өтін. 7. Түсініскің келе ме – түсіндір. 8. Бақытты болғың келе ме – бол. 9. Ешқашан егеске барудың қажеті жоқ. 10. Егер кінәлі болсаң – өзіңді ақтаудың жолын іздей бермей, сол арада айтып сал. 11. Ақымақтармен айтысам деп әуре болма. 12. Өмірде ең маңыздысы – махаббат, ал қалғандарының бәрі – бос әурешілік. 13. Адамның қиындықтары тек басында ғана болады. 14. Бізді қоршаған әлем зұлым да, мейрімді де емес. Оған сенің барың да, жоғың да бәрібір. 15. Әрбір жаңалықтан ләззат алуға тырыс. 16. Есіңде болсын, сен өмірге тек бір-ақ рет келесің. 17. Мазасыз болма. 18. Теледидарды көп қарай берме, ол бәрібір шынайы өмірдегідей болмайды. 19. Есіңде болсын, сен ешкімге де, ешнәрсеге де міндетті емессің. 20. Есіңде болсын, сен үшін ешкім де, ешнәрсе үшін міндетті емес. 21. Саясатпен айналыспа, саясат адамдардың ашуын шақырады. 22. Ақшаңды жан қалауынан аяма. 23. Өмірде тек өзіңе сен. 24. Сөздерге сенбе, сезінгеніңе сен. 25. Әйелдерге сәбилерге қарағандай қарау керек. Ол үшін шыдам мен кішкене мейірім керек. 26. Есіңде болсын, әр адамның өз шындығы бар және ол сенікімен сәйкес келе бермейді. 27. Егер сенің көңіл-күйің болмаса, өмірдің өткінші екенін ойла. Сол кезде бәрі қалпына келеді. 28. Бүгін өмір сүр. Себебі, кешегі күнің келмеске кетті, ал ертеңгі күніңнің болар-болмасы беймәлім. 29. Өмірде қиын ештеңе жоқ. Қиындықты адамдар қолдан жасап алады. 30. Бүгінгі күннің сенің өміріңдегі ең жақсы күн екенін ұмытпа.

Теги других блогов: өмір қағидалар тәнсіздік